BANNER

Абиба Әбужақынова университетті қызыл дипломмен бітірді

Сурет: Жанарбек Әшімжанның парақшасынан

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова жоғары оқу орнын аяқтады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде бөлісті.

«48 келі салмақта әлемнің үздік дзюдошыларының бірі, әлем чемпионатының қос қола жүлдегері, Азия біріншілігінің күміс иегері, сондай-ақ 2025 жылы Аустрияның Линц қаласында өткен әлемдік Grand Prix турнирінде топ жарған Абиба Әбужақынова бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен аяқтады. Батыр қарындасымыздың бұл жетістігі құтты болсын!» – деп жазды депутат.

Айта кетейік, Абиба жақында ғана Венгрияда өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанып, финалға шыққан алғашқы дзюдошы қыз атанды. Осы жетістігі үшін Jenys клубы оған су жаңа автокөлік сыйлайды.