Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа байланысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тексеріс жүргізіп жатыр.
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірге деректердің шынайылығы мен қайдан таралғанын анықтау үшін жұмыс жүргізуде.
Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ, - делінген хабарламада.
Егер азаматтың деректері тараған болса, оған eGov порталы арқылы жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.
Бұған дейінгі осындай жағдайларда деректер ескі базалардан, негізінен қызмет көрсету саласы мен микроқаржы ұйымдарынан алынған.
Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру аяқталған соң жарияланады.