BANNER

"27 жыл бойы өнерге қызмет еттім": Дастан Оразбеков мемлекеттік сыйлық алған әріптестеріне қатысты ойымен бөлісті

Сурет: жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Дастан Оразбеков “Халық әртісі”, “Еңбек сіңірген қайраткер” атағын алған әріптестеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

"Бүгін.Live" бағдарламасына қонақ болып, сыр шертті.

"Менің атақ алғаным, үйдегі өсіп келе жатқан менің ұлдарыма маңызды шығар деп ойлаймын. Барлық әріптесіме құтты болсын дегім келеді. Қалай да болса әрқайсының жасаған еңбегі бар. Мен үшін қатты маңызды емес. Мен үшін басты атақ – халықтың ықыласы. Біреулер жасанды деп айтуы мүмкін, бірақ мен дәл осы ұстанымды ұстанамын. Егер халық қолдаса, халықтың сүйіспеншілігіне бөленсем, онда одан артық атақ жоқ. Мүмкін атамнан да дарыған шығар. Атам – Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Оған атақ берер кезде "келіп берсін" деген ғой. Келіп берсін, бермесе, бармаймын. Бірақ беріп қалатын шығар деген сенімдеміз. 27 жыл бойы елімізге еңбек сіңіріп келе жатырмыз", – деді өнер иесі.

Еске салайық, танымал өнер адамдарының бірі актриса Жарқынай Ханайым “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, Әлішер Каримов “Қазақстанның халық әртісі” атағын алған еді. 

“Осы атқа лайық жобаларым алда көп болады деп сенемін. Бұл – маған аманат. Мотивация. Қолдап, лайық көріп жатқан жандардың сенімін ақтау бақыты бұйырсын”, – деп жазды Жарқынай.