BANNER

Ақтауда ер адам дүкендердің бірінде сатушы әйелге қол көтерді

Фото: видео скрин

13 мамыр күні желіде Ақтаудағы дүкендердің бірінде агрессивті ер адамның сатушы әйелді бетінен ұрған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан ер адамның әйелді жұдырықпен бар күшін салып ұрғанын көруге болады. Соққыдан кейін әйел әрең дегенде тұрып қалады. 

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция өкілдері.