BANNER

Астанада Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалды

Фото: Qazaqstan.kz

Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды. Бұл патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты. 

 

Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр. 

 «Әрбір үзінді — әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл - жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға», — дейді ұйымдастырушылар.

Жоба батырдың құрметіне жасалған ең үлкен балалар фотомозайкасы ретінде дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге жіберілді. Рекорд расталған жағдайда барлық қатысушылар атаулы сертификат пен мен медальға ие болады.