BANNER

Қарағанды облысы энергия қадағалау департаментінің басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының әкімдігі

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментін Айрат Мұхаммедғұмарұлы Қарамұрзин басқарды. Бұрын ол осы ведомствода басшының орынбасары болып жұмыс істеген, содан кейін басшының міндетін атқарған.

Энергия қадағалау департаментінің басшысын облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте таныстырды.

Айрат Қарамұрзин – «электр энергетикасы» мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі, сондай-ақ «құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Балқаш әкімінің орынбасары болған. 2022 жылдың қарашасынан бастап аумақтық энергетикалық қадағалау департаментінде жұмыс істеді.