BANNER

Талғар ауданында бір топ жігіт ер адамды жабылып соққыға жыққан

Фото: видео скрин

Талғар ауданында бір топ азаматтың ер адамды аса қатыгездікпен жабылып ұрып жатқан видеосы тарады. Видеода жәбірленген ер адамның беті қан болғаны байқалады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш кентіндегі "Нұрия" тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Видео кадрларында төрт ер адамның жерде жатқан адамның басынан тепкілеп, асфалтқа құлатып, аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Ал тұрғындар оларды видеоға түсіріп, тоқтатуға тырысқан. 

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ретте азаматтардан полицияға арыз бен хабарлама түспеген", – деп хабарлады ведомство. 

Алайда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында тәртіптің бұзылуы анықталған.

"Көшедегі жанжалдың барлық қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Барлық қатысушы тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылады. Агрессия мен қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген көрінісі дереу және қатаң түрде тоқтатылады", – деп толықтырды құқық қорғау органдары.