"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында ақылы жолдардан түскен қаржының қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Басқарма төрағасының айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ақылы жол учаскелерінде 48 млрд теңге жиналды. Биыл шамамен 100 млрд теңге болады деп күтілуде.
"Шығыс бөлігіне келсек, автомобиль жолдарын күтіп ұстауға шамамен 60 млрд теңге жұмсалады, яғни тазалау, ағымдағы жөндеу, белгілерді ауыстыру тағы да басқа жұмыстарға кетеді. Шамамен 30%-в капиталдандыруға, яғни техника сатып алуға жұмсалады. Өткен жылы 470 жуық техника сатып алынды. Биыл тағы 700 жуық техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл шығындар ақылы жолдар есебінен жабылады", - деп түсіндірді Дархан Иманашев.
Сондай-ақ ол "Қазавтожол" басқарма төрағасы ақылы жолдардың қосымша учаскелерін пайдалануға беруге байланысты шығыс бөлігі де ұлғаятынын атап өтті. Бұдан басқа, шығыны көп учаскелер де бар, мәселен, Астана-Щучинск автожолы.