Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Күні кеше сағат 19:50-де полицияға 7 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Шамамен сағат 19:30-да бала үйден шығып кеткен.
Іздеу шараларына полицейлер, кинологиялық қызмет, құтқарушылар мен еріктілер қатысты.
Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты.
26 мамыр күні сағат 05:30 шамасында баланың денесі Қаратал өзенінен табылды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.