Солтүстік Қазақстанда ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

Фото: Canva

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Мағжан Жұмабаев ауданы Новотроицкое ауылында болған.

38 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Полиция күдікті ретінде 39 жастағы облыс тұрғынын ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.