Белгілі болғандай, күдікті Шымкентте тексеруден өтіп, медициналық анықтама алған. Алайда марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай бұл қорытындымен келіспей, қосымша сараптама жүргізуді талап еткен. Оның айтуынша, Алматы қаласында жасалған сараптама да осыған ұқсас нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта күдікті Талғардағы психикалық емдеу орталығында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмның туыстары медициналық қорытынды берген мамандардың әрекетін тексеруді талап етуде. Ал, құзырлы органдар әзірге бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.