Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері өтті.
Алдымен Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» зиялы қауым, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуге Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов, Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы және облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.
Келесі «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында» энергетика саласының ардагерлері, жұмысшы мамандарымен өткен кездесуге Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров және облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қатысты.
Кездесулерде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы спикерлерінің Жолдаудың басым бағыттарын кеңінен түсіндіру бағытында жасаған баяндамаларына орай қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Мұнан соң республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық инновациялық академиясында білім саласының өкілдерімен кездесті. Оған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов, Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы және облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.
Сондай-ақ топ мүшелері Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылып, оған Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров және облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қатысты.
Білім саласының өкілдерімен өткен басқосуда адами капиталды дамыту, білім беру сапасын арттыру, педагог мәртебесін көтеру, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды.
Ал кәсіпкерлермен кездесуде экономиканы жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту және заңнамалық ортаны жетілдіру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, өндіріс орындарын дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешу бағытында пікір алмасты.
Кездесулер барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жолдауда белгіленген міндеттердің мәні мен маңызын түсіндіріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Өз кезегінде сала өкілдері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелерді талқылады.
Жалпы, басқосуларда білім беру, кәсіпкерлік, әлеуметтік саясат, адами капиталды дамыту және экономиканы жаңғырту бағыттарындағы басым міндеттер қамтылды.
Сондай-ақ республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі аудандарда да жалғасты. Атап айтқанда Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов, Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Сырдария және Жалағаш ауданында болып, тұрғындарға Президент Жолдауының мәні мен маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар, Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров Шиелі ауданында тұрғындармен жүздесіп, Жолдаудан туындаған алдағы міндеттер мен бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.