Қостанайлық полицейлердің жанашырлығы желі қолданушыларын тәнті етті

Фото: ЖИ

Қостанай мен Тобыл арасындағы тасжолда аққулар балапандарын ертіп, жолдың арғы бетіне өтпекші болады. Құстарды қауіп-қатерден қорғау үшін патрульдік полиция қызметкерлері көлік қозғалысын уақытша тоқтатып, олардың кедергісіз өтуіне жағдай жасады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолдағы жүргізушілер де үлкен түсіністік танытқан. Көліктердің бірі қарсы бағытты бөгеп тұрып, қанатты қонақтардың тасжолдан аман-есен өтуіне көмектесті.

Дереккөз: Stan.kz