Биыл Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 10 пайызға көбейді.
Қазір І топтағы азаматтарға 200 мың теңгеге дейін, ІІ топқа – 154 мың теңгеге дейін, ал ІІІ топқа 117 мың теңгеге дейін төлем қарастырылған.
Сондай-ақ елімізде мүгедектікті рәсімдеу жеңілдетіліп, куәландырудың 45 пайыздан астамы онлайн форматта жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Qazaqstan.tv