Қазақстанда ауқатты азаматтар 10 түрлі жәрдемақыны ала алмайды

Сурет: Life09

Үкімет әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаудың жаңа тәртібін бекітті. Бұл А (әл-ауқат деңгейі жоғары) және В санатына (ауқатты) енген азаматтарға қатысты.

Шектеу енгізілетін төлемдердің ішінде:

бала туған кезде және бала 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы;

көпбалалы отбасыларға және көпбалалы ана ретінде марапатталған әйелдерге берілетін жәрдемақылар;

мүгедектікке және асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақылар;

I топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын азаматтарға берілетін төлемдер;

арнаулы мемлекеттік және кәсіптік жәрдемақылар бар.

Жаңа талаптар жерлеуге берілетін біржолғы төлемге де қатысты. Ал отбасының әл-ауқаты цифрлық картасы арқылы анықталады. Онда отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын бірқатар көрсеткіш ескеріледі. Материалдық жағдай өзгерсе, отбасының санаты да өзгеруі мүмкін.

Жаңа ереже бойынша бұған дейін тағайындалған барлық төлем автоматты түрде тоқтатылмайды. Әр жәрдемақы жеке қаралады. Заңда көзделген жағдайларда бұрын тағайындалған төлемдер сақталады.