Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореядағы азаматтары сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Сурет:PressMFAKZ

Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады.

«Мен Кореяда үш жылдан бері тұрып, қазіргі уақытта Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмауға және өз үлесімді қосуға тырысамын», - деді Ажар Каримжанова.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу - әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігі мен парызы.

«Біздің таңдауымыз еліміздің болашағына тікелей әсер етеді. Бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі Қазақстанның даму бағытын айқындайды. Сондықтан жастардың өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы өте маңызды», - деп атап өтті ол.