Қарағандыда бес жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ерекше жасырын орыннан табылды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Полиция ірі көлемде ақша бопсалау ісі бойынша 43 жастағы күдікті ұсталғанын хабарлады. 

Полицияның мәліметінше, үйде жүргізілген тінту барысында төменгі бөлігінде шағын есігі бар ванна табылған. Ваннаның артындағы қуыс жер асты бөлмесіне апаратыны, ол жерде іздеуде жүрген ер адам жасырынғаны анықталды.

Күдікті жасырын орынға еңбектеп кіріп-шығып жүрген, ішкі жертөледе күдіктінің төсек-орны және барлық қажетті заттары болған.