Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында өңірдің дамуына және Қазақстан Республикасына қосқан жеке үлесі мен айрықша еңбегі үшін «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды.
Құрметті атаққа:
▪️ мәдениет саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлы;
▪️ мәдениет және білім саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлы;
▪️ сот жүйесінің ардагері Еркен Рауанұлы Арипов;
▪️ «QazCOOP» оқу орындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Хазбулат Сопыжанұлы Ашляев;
▪️ «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» КМК неврологиялық және инсульт қызметінің басшысы Михаил Дмитриевич Мазурчак ие болды.
Аталған азаматтар түрлі салаларда өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби қызметімен ел игілігіне еңбек сіңіріп келеді.
Қарағанды облыстық мәслихатының шешімімен берілген бұл атақ – олардың көп жылғы еңбегіне көрсетілген құрмет.
