Қарағанды облысында сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу жұмыстары күшейтілуде

Сурет: Авторлардан

 

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамғақайта бейімдеуде жұмысқа орналастыру, білім алу және қоғамның қолдауы – ең басты шарттар. Адамға екіншімүмкіндік беру және қайта құқық бұзушылық жасау қаупіназайту жолдары Қарағанды облысының прокуратурасы мен әкімдігі ұйымдастырған «Жарқын болашаққа бастар жол» форумында талқыланды.

Форум «Заң және Тәртіп» жалпыұлттық идеологиясын іскеасыру аясында өтті.

Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдар заң бұзғаназаматтардың қалыпты өмірге қайта оралуына қолдаукөрсету үшін күш біріктіріп отыр. Негізгі мақсат – олардытек жұмыспен қамту ғана емес, сонымен қатар мамандықмеңгеруге, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіругемүмкіндік жасау. Форум қатысушыларының пікірінше, дәлосындай кешенді тәсіл қайта құқық бұзушылықтың алдыналуға ықпал етеді.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдепробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қолдауғабағытталған кешенді шаралар бүгінде жүйелі түрде жүзегеасырылып жатқанын атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық-атқару жүйесінің басты мақсаты тек жазалау ғана емес, адамның түзелуіне көмектесіп, оны қоғамдағы толыққандыөмірге қайта бейімдеу екенін ерекше атап өтті. Мемлекетжаңа мүмкіндіктерге жол аша алады, жұмыс берушілереңбек орнын ұсына алады. Алайда жаңа өмірге қадамжасауды адамның өзі ғана таңдайды, — деді өңір басшысы.

Бас прокуратураның Қызмет бастығы Мұрат Ахметов осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігін атап өтіп, олардың пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардықайта әлеуметтендіру жөніндегі жұмыстың тиімділігінарттырудағы маңызын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, ол есептегі адамдардың қайталама қылмысжасау мәселесіне және оларды жұмыспен қамтуға ерекшеназар аударып, оларды қайта әлеуметтендіру жөніндегіжұмысты жетілдіруге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынекенін білдірді.

Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиевөңірде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардықайта әлеуметтендіру бағытындағы жүйелі жұмыстаржалғасып жатқанын атап өтті.

— Бүгінде облыстың пробация қызметінің есебінде мыңнанастам азамат тұр. Жергілікті атқарушы органдардың, жұмыспен қамту қызметтерінің және жұмыс берушілердіңбірлескен жұмысының нәтижесінде жүздеген азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Кәсіптік оқыту және әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары жүзеге асырылыпкеледі. Әлеуметтік сүйемелдеуді ұйымдастырудамемлекеттік органдардың жұмысын біріктірген Sociumцифрлық платформасы мен FSM Social мобильдіқосымшасының енгізілуі маңызды қадам болды. Бұл жүйелер арқылы азаматтарға жұмысқа орналасуға, құжаттарын қалпына келтіруге, медициналық көмек, білімалу, әлеуметтік төлемдер рәсімдеу және өзге де өмірлікмаңызды мәселелерді шешуге жан-жақты қолдаукөрсетіледі. Егер бүгінгі форумнан кейін адамдар өз өмірінөзгертуге болатынына сенсе, жұмыс берушілер өзкәсіпорындарының есігін айқара ашса, ал мемлекеттікоргандар дер кезінде қажетті қолдау көрсетсе, көптегенотбасы ертеңгі күнге деген сенімін қайта нығайтады, — дедіМұрат Тілеубердиев.

Жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар бүгінде нақтынәтижесін беруде. Жыл басынан бері облыста 600-ден астамжұмыс берушінің қатысуымен 60 бос жұмыс орындарыжәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін квоталанғанжұмыс орындары да бөлінуде.

Осындай мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі – қарағандылық Олжас Ерсаин. Пробация қызметінің есебінеқойылғаннан кейін оған «Қарағанды-Нан» кәсіпорнынаресми түрде жұмысқа орналасуға көмек көрсетілген. Қазірол мұнда жарты жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді.

— Пробация қызметінің есебіне тұрған кезде менің тұрақтыжұмысым болған жоқ. Мансап орталығы арқылы жұмысқаорналасуыма көмектесті. Қазір тұрақты жалақы алыпжүрмін әрі осы жерде еңбек етуді жалғастырғым келеді. Адамға жұмыс табуға қолдау көрсетілсе, оның жаңа өмірбастап, адал еңбекпен болашағын құруға мүмкіндігі пайдаболады, — дейді Олжас Ерсаин.

Осындай қиындықтарды Рахат Жиенқұлов та бастанөткерген.

— Пробациядан кейін жұмыс табудың өте қиын екенінеөзім көз жеткіздім. Маған жұмысқа орналасуға көмектесті, бұл менің өмірімді өзгертті. Осындай іс-шаралар адамдарғааяғынан нық тұрып, қайтадан заң бұзбауға нақты мүмкіндікбереді, — дейді ол.

 

Форум барысында Қарағанды облысы прокуратурасыныңалғыс хаттарымен қиын өмірлік жағдайға тап болғаназаматтарды жұмыспен қамтуға үлес қосып жүргенкәсіпорын басшылары марапатталды.

«220 Вольт» компаниясында пробация қызметінің есебіндетұрған сегіз азамат еңбек етеді.

— Біз жазасын өтеп жүрген адамдарға жұмыс тауып беругекөмектескіміз келді. Бүгінде кәсіпорнымызда сегіз біліктімаман еңбек етіп жүр. Олар өз жұмысына жауапкершілікпенқарайды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстыкеңейтуді жоспарлап отырмыз, — деді компанияныңтехникалық менеджері Әнуар Омаров.

Форумның екінші бөлімінде қатысушылар адамныңжіберген қателігінен кейін қоғамдағы толыққанды өміргеқайта оралуында отбасының, білімнің, еңбектің және қоғамдық қолдаудың рөлін талқылады.