Қайғылы оқиға Шахтинск қаласындағы гараждардың бірінде болған.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖД мәліметінше, өрт орнынан 18 жастағы бозбаланың мәйіті табылды.
Сондай-ақ күйік белгілері бар 18 және 17 жастағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
«Алдын ала болжам бойынша, гараж ішінде бензинді құю кезінде ашық от көзінің әсерінен жанғыш сұйықтық булары тұтанып кеткен», - дейді құтқарушылар.
Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.