Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Су ізі» платформасында пайдаланушының күнделікті әдеті ескеріледі.
Осылайша әрбір қолданушыға өзінің қанша су тұтынатыны туралы ақпарат ұсынады.
Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов жобаның авторы, 10-сынып оқушысы Жәңгір Әбуовпен кездесті.
Онда «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» мен оқушының ата-анасы арасында «Су ізі» бағдарламасын әзірлеу бойынша келісімге қол қойылды.
«Біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі – суды үнемдеу мен оған ұқыпты қарауды насихаттау арқылы халықтың су ресурстарына деген көзқарасын өзгерту», - деді министр.