Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Астана - Щучинск тасжолының күнбағыс алқаптары орналасқан тұсы жоғары жылдамдықты автобан саналады.
Ақмолалық полицейлердің хабарлауынша, онда тоқтауға тыйым салынған, тиісті жол белгілері орнатылған.
Тыйым салынғанына қарамастан, кейбір жүргізушілер суретке түсу үшін күнбағыс алқаптарының маңына тоқтап жатыр.
Гүлдеу маусымы басталғалы жылдамдықты тасжолда белгіленбеген жерге тоқтағаны үшін 25 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Мұндай талаптарды сақтамағаны үшін бірінші рет 3 АЕК (12 975 теңге), ал бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл қарастырылған.
Елорда маңындағы тасжолда күнбағыспен суретке түскен жүргізушілер айыппұл арқалады
Сурет: Canva