BANNER

"Біз ата-ана болдық": Белгілі блогер Елдос "Колобок" жұрттан сүйінші сұрады

Фото: Елдос "Колобоктың" жеке парақшасынан

Белгілі блогер Елдос "Колобок" пен жұбайы Таңшолпан алғаш рет ата-ана атанды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жағымды жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, сүйінші сұраған. 

“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын!
Қош келдің, ұлым. 12.11.2025. 

Айта кетейік, бұған дейін Елдос "Колобок" пен жұбайы Таңшолпан көптен күткен қуанышын бөлісіп, сүйінші сұраған белгілі блогерлер gender party жасағанын хабарланған болатын. Танымал жұпты қазақстандықтар жарыса құттықтады.