Атырау облысында аула сыпырушы ағаш кесу кезінде мүгедек болып қалған

Фото: ЖИ

Атырау облысы Құрманғазы ауданында аула сыпырушы әкімдік маңындағы ағашты кесу кезінде ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалған.

Оқиға былтыр қаңтарда болған. Сналбек Дощанов алдымен аудандық, кейін облыстық ауруханада емделген. Ақпанда Астанада медициналық көмек алып, наурызда үйіне шығарылған.

Ер адамның жұлыны зақымдалып, оған бірінші топ мүгедектігі тағайындалған. Сондай-ақ еңбекке жарамдылығының 95 пайызы жоғалғаны анықталған.

Комиссия кінәнің 30 пайызын жұмысшыға, 70 пайызын аудан әкімшілігіне жүктеген. Алайда жәбірленушінің айтуынша, оған өтемақы төленбеген.

Ол осыған байланысты сотқа жүгінген. Қазір сот талқылауының басталуын күтіп отыр.

Дереккөз: Stan.kz