Астанада LRT іске қосылғаннан кейін екі күн өткенде алғашқы техникалық кідіріс тіркелді. Вагондардың бірі жолаушылармен бірге шамамен 30 минут бойы жол ортасында тоқтап қалған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға кезінде вагон ішіндегі желдеткіш өшіп, қапырық болған. Соның салдарынан балалар жылап, кей жолаушылардың жағдайы нашарлаған. Кейбір азаматтар терезені сындырып, есікті ашуға әрекет жасаған.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, пойыздың тоқтауына жолаушылардың төтенше тежеу батырмасын басуы және есіктерді күштеп ашуға тырысуы себеп болған.
Қазір ереже бұзғандардың жеке басы анықталып, материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.
Астанада LRT вагоны жол ортасында тоқтап қалды
Фото: ЖИ ChatGPT