Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, нысандарға да зақым келмеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа құрғақ шөптің тұтануы себеп болған. Оқ-дәрі бұған дейін кәдеге жаратуға дайындалған.
Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Дереккөз: Stan.kz
Арыс маңындағы әскери бөлімде оқ-дәрі бөлшегі жарылды
Фото: ЖИ