Алматы облысында Джеки Чанның бейнесін қолданған алаяқ зейнеткерді алдамақ болды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Талғар тұрғынына белгісіз біреу «емханадан» хабарласып, вакцина алу кезегін растау қажеттігін айтқан.

Кейін өзін Қаржылық мониторинг агенттігінің «қызметкері» ретінде таныстырған адам алаяқтар зейнеткердің атынан несие рәсімдеп жатқанын жеткізген.

Полицейлердің дер кезінде араласуының арқасында алаяқтардың жоспары жүзеге аспады.

Тәртіп сақшылары зейнеткерді ХҚКО-ға апарып, оның ЭЦҚ кілтін ауыстырып, алаяқтардың жеке деректерге қол жеткізуіне жол берілмеді.