Ақтауда Land Cruiser Prado жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 14 мамырда күндізгі уақытта болған.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.
 

«Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция.