BANNER

2028 жылға қарай Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады

Фото: Life09

Астанада құны 14 млрд теңге болатын Ұлттық геологиялық қызметтің зертханалық кешенін салу жоспарлануда, оған аналитикалық зертханалар мен керноқойма кіреді. Президент тапсырмаларын орындау аясында саланың инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында хабарлады.

Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде: Сенатта жер қойнауы туралы кодекске цифрлық жер қойнауын пайдалануды және электрондық аукциондарды енгізуді көздейтін түзетулер қаралуда.
 

«Жаңа инфрақұрылым мен заңнамалық база бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастыруға, аналитиканың сапасын арттыруға және геология саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,


 — деп атап өтті вице-министр.

Дереккөз: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы