Сіздерде де WhatsApp істен шықты ма

Сурет: WhatsApp

WhatsApp қолданушылары аккаунты бұғатталып қалғанын айтып, шағымданды. Ақау біздің елде ғана емес әлем бойынша тіркелген. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

WhatsApp-қа кірмек болған кей қолданушылардың аккаунты автоматты түрде тексеруге жіберілген. Бұл тексеру 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін екені жазылған.

Meta компаниясы жүйедегі қателік пайда болғанын растады. Қазір компания бұғатталған аккаунттарды қайта қалпына келтіріп жатыр.

Егер аккаунтыңыз осындай тексеруге түссе, тексерудің аяқталуын күткен жөн.