Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, көлігінің жоғалғанын айтып, арызданған.
Көп ұзамай іздеудегі көлік қала көшелерінің бірінде көзге түсті. Рөлде жәбірленушінің туысы отырған.
Ол көлікті мас күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз жүргізген.
Көлік қозғалысына кедергі келтіріп, өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Оған қоса жүргізуші полицияға бағынбай, қарсыласқан.
Көлікті айып тұрағына жеткізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шымкентте мас күйде туысының көлігін ұрлап кеткен тұрғын ұсталды
Фото: Life09