Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл әкімшілік іс Әулиекөл аудандық сотында қаралған.
2026 жылы 10 наурызда Әулиекөл ауылында тиісті тіркеусіз «такси» қызметін көрсеткен.
Сотта ол өз кінәсін мойындап, неліктен мұндай әрекетке барғанын айтты.
Оның асырауында мүгедектігі бар науқас ата-анасы бар.
Анасының инсультпен ауруханада жатқан кезінде дәрі-дәрмек алуға қаражат қажет болған.
Студенттің тұрақты табысы болмаған.
Сот мән-жайларды ескеріп, ауызша ескертумен шектелді.
Мүгедек ата-анасына дәрі-дәрмек алу үшін такси жүргізген студентке сот ескерту берді
Фото: Canva