Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогын 7 медальмен аяқтады

Qazaqstan.tv

🥊 World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен Бразилияда өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальға ие болды.

🥇 Сұлтанбек Айбаров (85 кг)
🥇 Виктория Графеева (60 кг)
🥇 Валерия Аксенова (+80 кг)

🥈 Аида Әбікеева (65 кг)

🥉 Алуа Балқыбекова (51 кг)
🥉 Жібек Жарасқызы (80 кг)
🥉 Диас Молжігітов (80 кг)

📌 World Boxing ұйымының Әлем кубогы аясында өтетін келесі жарыстарды қабылдайтын елдер:

🇨🇳 15–20 маусым Гуйян (Қытай)
🇺🇿 25 қараша – 2 желтоқсан Ташкент (Өзбекстан).