Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова дүниеден өтті

Сурет: Qazaqstan.tv

Қазақ телевизиясының қалыптасуына зор үлес қосқан ардагер Зұлқия Жұматова 107 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Ол 1958 жылғы 8 наурызда алғашқы эфирді «Кеш жарық!» деп ашып, көгілдір экраннан қазақ тілінде алғаш сөйлеген диктор атанды.

Зұлқия Мұқанқызы 12 жыл бойы жаңалықтар мен түрлі бағдарламаларды жүргізді. Мұхтар Әуезовтен сұхбат алып, балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер жазды.