Тамыз айында Қазақстанда 166 547 автокөлік мемлекеттік тіркеуден өтті. Оның басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрап, жалпы үлесі 87,5% болды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша, елімізде тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6,1 миллионға жуықтаған.
Оның ішінде:
5,1 млн — жеңіл автомобиль;
496,1 мың — жүк көлігі;
89,5 мың — автобус пен шағын автобус;
75 мың — мотоцикл.