Қазақстанда енді стрим арқылы сауда жасайтындар да бақылауға алынады

Сурет: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өндірістік емес төлемдерді және жеке толықтыруларды әкімшілендіру департаментінің директоры Шындали Заңғар қазір әлеуметтік желілер арқылы тауар ұсынып, ақшаны жеке мобильді аударыммен қабылдау кең тарағанын айтады. Алайда салық заңнамасына сәйкес, бұл әрекет кәсіпкерлік қызмет болып саналады және арнайы тіркеуді талап етеді.

“Стрим арқылы сату кезінде табыс тапса, міндетті түрде тіркелу керек және салық төлеу қажет. Бұл жерде де бекітілген өлшемшарттар жұмыс істейді. Егер онлайн-сатушыларға 3 ай бойы 100 түрлі адамнан аударым түссе, оларға да хабарлама келеді. Бұл салық түсімін көбейту үшін ғана емес, бизнестің адал әрі әділ ортада жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр”, — деді Заңғар Шындали.