Конституциялық реформа жөніндегікомиссияның тоғызыншы отырысындаФилософия, саясаттану және дінтануинститутының директоры Айгүл Сәдуақасоважаңа Ата заң жобасын талқылау ашық жәнесындарлы түрде өтіп жатқанын айтты. Оныңайтуынша, диалогқа сарапшылар ғана емес, қарапайым азаматтар да қосылды, өйткенімәселе жай заңи құжат жайлы емес, елдіңдаму бағытын ондаған жылдарға айқындайтынАта Заң жайында.
Ол жаңа Конституция жобасында адамикапитал, ғылым, инновация, шығармашылықеркіндігі және цифрлық қауіпсіздік сияқты болашаққа қатысты тақырыптар көбірекқозғалып жатқанына назар аударды. Оныңайтуынша, құжатта болашаққа бағдарланутұрғысынан ерекше маңызды үш негізгібасымдықты бөліп қарауға болады.
Бірінші мәселе мәдениет, білім, ғылымжәне инновация құндылықтарын Преамбуладабекітуге, сондай-ақ адами капиталды мемлекетқызметінің стратегиялық бағыты ретінде тануғабайланысты.
«Мәдениет пен білім, ғылым менинновация құндылықтарын преамбуладабекіту, сондай-ақ адами капиталды мемлекетқызметінің стратегиялық бағыты ретінде тануұлттың жаңа сапасы мен ақылды экономиканыдамытудың конституциялық негізін құрайды», –деді ол.
Екінші маңызды мәселе – ғылым менинновацияны дамыту жаңа типтегіадамдарсыз, яғни, тек білім жиынтығы бармамандар емес, сыни тұрғыдан ойлауға,жаңаны жасауға және өз жұмысыныңнәтижелерін қорғауға қабілетті азаматтарсызмүмкін еместігінде. Конституция жобасында – бұл орта және жоғары білім алу құқығының, сөзбостандығының, ғылыми және шығармашылықкөріністің, сондай-ақ зияткерлік еңбектіқорғаудың кепілдіктерін қамтитын жеке тұлғаны дамытудың тұтас траекториясы ретіндекөрінеді.
Бұл нормалар, оның пікірінше, Қазақстаншетелде оқитын студенттер саны бойыншаәлемдік көшбасшылардың қатарына кіруіаясында ерекше маңызға ие болып келеді.Алайда білім берудің ұтқырлығы емес, мемлекеттің олардың әлеуетін ел ішінде іскеасыру үшін жағдай жасау қабілеті маңызды.
Ол назар аударған үшінші мәселе жаңаұрпаққа қатысты. Айгүл Сәдуақасованыңайтуынша, Қазақстанда қазір демографиялықөсім байқалуда, ел халқының 30%-данастамын балалар мен жастар құрайды. Дәл осы тұрғыдан алғанда Конституцияның жаңаредакциясы мемлекеттік құрылым туралықұжат ретінде ғана емес, сонымен қатар цифрлық дәуірдегі өмірге кепілдік беру жүйесі− дербес деректерді қорғау, жеке өмірге қол сұғылмаушылық және электрондықкоммуникациялардағы қауіпсіздік ретінде де маңызды.
Айгүл Сәдуақасова сөзін қорытындылайкеле, жаңа Конституцияның жобасы тарихи,зияткерлік және технологиялық жаңа дәуіргежасалған қадамға айналатынын атап өтті.Ғылымның, инновацияның, мәдениет пенбілімнің басымдығын бекіте отырып, елімізбілімге, адами әлеуетке және Тәуелсіздіктіңқұндылықтарына негізделген орнықты дамудыңіргетасын қалыптастырады.
