Жаңа Конституция жобасына сәйкес, жер, су, жер қойнауы және өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет бұл байлықтарға халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Сонымен қатар жерге жекеменшік құқығы сақталады.
8-баптың 3-тармағында бекітілген бұл норма ауыл халқы үшін ерекше маңызға ие. Ол жер мен табиғи ресурстардың ел игілігіне қызмет етуін қамтамасыз етіп, ауылдағы тіршілік пен шаруашылықтың тұрақты дамуына құқықтық негіз қалайды.
