Егер референдум күні өз қалаңызда болмайтын болсаңыз, алдын ала есептен шығару куәлігін алуға болады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
Ол үшін 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өзіңіздің учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беріп, арнайы куәлік аласыз.
Референдум күні өзіңіз жүрген қаладағы кез келген сайлау учаскесіне барып, сол куәлікті көрсетесіз.
Осыдан кейін учаскелік комиссия сізді дауыс берушілер тізіміне қосып, дауыс беруге мүмкіндік береді.
Референдум күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?
Фото: Life09

