BANNER

Қоғамдық келісім мен жаңғыру жолы

Фото: КИСИ inform

Бүгін Астанада «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» тақырыбында сарапшылар алаңы ұйымдастырылып отыр. Маңызды жиынға түрлі саладағы мамандар, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысып, ел дамуының өзекті мәселелерін талқылауда.

 

Іс-шара барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылып, жаңа институттардың қалыптасуы мен олардың мемлекет басқару жүйесін жетілдірудегі маңызы сөз болды. Сонымен қатар қоғамдық диалогтың қоғам мен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Сарапшылардың пікірінше, ашық пікір алмасу алаңдары елдегі реформалардың тиімді жүзеге асуына және орнықты мемлекеттік даму моделін қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар қоғамның белсенді қатысуын арттырып, ортақ мақсатқа бағытталған жаңғыру үдерісін жандандыра түседі.