Динара Закиева Конституция жобасында ата-ананың балаларды тәрбиелеу мен қамқорлық жасаудағы басты құқығы мен міндеті көрсетілгенін айтты. Ал мемлекет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтары бұзылған жағдайда араласады.
Оның айтуынша, әлеуметтік салада елімізде 49 түрлі қызмет және 15 жәрдемақы түрі бар. Сонымен қатар, әр өңірде отбасыны қолдау орталықтары мен мобильдік топтар жұмыс істейді. Өткен жылы бұл топтар 13 мыңнан астам қиын жағдайда тұрған отбасыларды анықтап, оларға көмек көрсеткен.
Балаларға қамқорлық көрсету - мемлекеттің де, әр отбасының да бірдей жауапкершілігі.
Баланың құқығы – ең басты приоритет!
Фото: Life09

