Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, құжат мұғалімдерді рилс түсіруге мәжбүрлеу, түнгі уақытта және жұмыс уақытынан тыс кезде WhatsApp арқылы жауап беруге міндеттеу, сондай-ақ есепті электронды және қағаз түрінде қатар тапсыру сияқты артық талаптардан қорғауға бағытталған.
Заң жобасын жұмыс тобы келесі аптадан бастап талқылайды.
«Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім берумен және саналы тәрбие жұмысымен айналысуы тиіс», – деді депутат.
Педагогтерді артық жұмысқа жегуден қорғауға бағытталған арнайы заң жобасы әзірленді
Фото: Canva
