Қарағанды облысында референдум бойынша дауыс беру басталды

Фото: Life09

Қарағанды облысында референдум бойынша дауыс беру басталды.
Таңғы сағат 7:00-ден бастап барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
Өңірде 651 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамында жалпы саны 4415 адам бар.
Қарағанды облысы бойынша дауыс беруге барлығы 757 671 азамат тіркелген. Олардың ішінде 5 159-ы – мүгедектігі бар азаматтар.
Қазір өңірдегі барлық учаскелерде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес өтіп жатыр.