BANNER

Алматыда Конституцияға енгізілетінтүзетулерге қолдау білдірілді

Фото: Life09

Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісініңдепутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өкілдерінің қаланың Қоғамдықкеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесубарысында қоғамдық талқылауға шығарылғанКонституцияға енгізілетін түзетулер, сондай-ақжаңартылған мемлекеттік-құқықтық модельдіқалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөліталқыланды.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасынқолдап, жүргізіліп жатқан реформаның елдің саясижаңғыруындағы негізгі кезеңдердің бірі екенінжәне мемлекеттік құрылымның базалыққағидаттарын қамтитынын атап өтті. Атапайтқанда, билік тармақтары арасындағыөкілеттіктерді қайта бөлу, Парламенттің рөлінкүшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейтужәне мемлекеттік институттардың есептілігінарттыру мәселелері сөз болды.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Ата заңдыталқылау барысында ашық әрі жауапты қоғамдықдиалогтың маңыздылығын атап өтті. Оныңайтуынша, реформалардың тұрақтылығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде қоғамның белсендіқатысуы шешуші рөл атқарады.

– Сындарлы сын шектелмеуі тиіс. Ашықталқылау мүмкіндігінің өзін қоғамдық құндылықретінде бағалауымыз қажет. Тек диалог арқылығана қоғам қабылдайтын әрі ұзақ мерзімде тиімдіжұмыс істейтін шешімдерге қол жеткізуге болады, – деді Ермұрат Бәпи.

Сондай-ақ ол реформалар кезеңінде қоғамдықкелісімді сақтау және сезімтал тақырыптартөңірегінде алыпсатарлыққа жол бермеуқажеттігіне назар аударды.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыртқы сын-қатерлер жағдайындағы ұсынылып отырғанконституциялық өзгерістердің маңызына тоқталып, олардың мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасызетуге бағытталғанын айтты.

– Жаңа Конституция жобасында жаһандықсаясаттағы тұрақсыздық жағдайында елдіңтұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын сақтауғаарналған тетіктер қарастырылған, – деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістерелдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған жәнеқазіргі ішкі әрі сыртқы сын-қатерлерге жауапбереді.

Кездесу барысында Конституция преамбуласының мазмұнына ерекше назар аударылды. Конституциялық реформа жөніндегікомиссия мүшесі Үнзила Шапақ преамбула Атазаң мәтінінің тұтастай құндылықтық бағдарынайқындайтынын атап өтті.

– Конституция – мемлекет пен халықарасындағы қоғамдық келісімнің көрінісі. Преамбулада ұлт бірлігі, мемлекеттің унитарлықсипаты, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастық нақты бекітілуі тиіс, – дедіҮнзила Шапақ.

Оның айтуынша, жаңартылған Ата заңҚазақстанның халықаралық құқықтықміндеттемелерін, сондай-ақ ұлттық мүдделер мен тарихи сабақтастықты ескеруі қажет.

Ұсынылып отырған өзгерістердің өзектілігінеқатысты пікірін Алматы қаласы Қоғамдықкеңесінің мүшесі Совет Сейітов білдірді. Оныңсөзінше, Қазақстан саяси және экономикалықдамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр, бұл өзкезегінде Ата заңды жаңартуды талап етеді. Сондай-ақ ол жастарды талқылау процесінетартудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл – баршамыз өмір сүретін Конституция. Ең алдымен, жас ұрпақ үшін. Сондықтан бейжайқалмай, алдағы референдумда талқылау мен дауысберуге белсенді қатысу маңызды, – деді ол.

.

Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік жәнеқұқық қорғау аспектілері туралы Алматы қаласыҚоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепкабаяндады. Оның айтуынша, қолданыстағы бірқатарнормалар қазіргі заман талаптарына сай жаңартудықажет етеді.

– Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатыр: цифрландыру, жасанды интеллект, жаңа әлеуметтіксын-қатерлер. Осы тұрғыда Конституцияғаенгізіліп жатқан өзгерістер дер кезінде қолғаалынып отыр, – деді ол.

Оның пікірінше, ұсынылып отырған түзетулермемлекеттік жүйені неғұрлым икемді әрібюрократиядан арылған етіп, билікті азаматтарғажақындата түсуі мүмкін. Ол ерекше қажеттіліктерібар адамдардың құқықтарын қорғау мәселесінеайрықша тоқталды.

– Жоба аясында сайлау процесінде әйелдер мен мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздықквотаның сақталғаны мен үшін аса маңызды. Бұл – елдің әлеуметтік дамуына қатысу мен ықпал етудіңнақты тетігі, – деді Богдан Джепка.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесіРустам Қайрыев конституциялық өзгерістердіңәлемдік тәжірибеде қалыпты құбылыс екенін жәнеоларды халыққа түсінікті тілде түсіндіру қажеттігінатап өтті.

– Азаматтардың ұсынылып отырғанөзгерістердің мәнін нақты түсінуі үшін бұқаралықақпарат құралдары арқылы да қолжетімді форматтатүсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, – депқосты ол.

Талқылау қорытындысы бойыншақатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердіқолдады. Сондай-ақ мұндай диалог алаңдары жүріпжатқан конституциялық реформа аясындасарапшылар мен қоғамдық қауымдастықтың пікірінескеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

.