Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Арман Әлімжанов Конституциялық реформа жөнінде өз пікірін білдірді.
Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция – елдің болашағына жасалған маңызды қадам. Оның негізгі мақсаты – шынайы өмірде әрбір азаматтың құқығын қорғау және биліктің жауапкершілігін күшейту болуы тиіс.
Сонымен қатар, депутат Қарағанды облысының төңірегіндегі аудандардың экономикалық әлеуетін арттыру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірдің тұрақты дамуы үшін шағын және жеңіл кәсіпкерлікті қолдау – қазіргі таңда басым бағыттардың бірі болуы қажет.
Арман Әлімжанов жергілікті кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жақсарту және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту өңірдің жалпы экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтті.
