Жезқазғанда полицейлер өртке оранған пәтерден ер адамды аман алып шықты

Фото: Gemini ИИ

Таңғы сағат 06:24 шамасында пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері алдымен тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Пәтерлерді тексеру барысында олар ес-түссіз жатқан ер адамды тауып, дереу сыртқа алып шыққан.

Құтқарылған азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.