Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оқ тиіп көз жұмды

Фото: Gemini ИИ

15 наурыз күні әскери бөлімнің үшінші бекетінде жазатайым оқиға орын алған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап. Ведомстволық күзет қызметінің атқышы карабиннен абайсызда оқ атып алған. Нәтижесінде оқ қарауыл бастығына тиген.

Белгілі болғандай, оқиғаға қатысы бар екі адам да сарбаз емес, азаматтық қызметтегі Әскери-тергеу департаментінің қызметкерлері болған.

Жараланған қызметкер дереу әскери госпитальға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қазір аталған оқиға бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.