Ява теңізінде жоғалған паром 30 метр тереңдіктен табылды

Фото: Gemini ИИ

Индонезияда бірнеше күн бұрын жоғалған паром теңіз түбінен табылды. Кеме шамамен 30 метр тереңдікте жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілеме жасап.

Қазір Ұлттық іздестіру-құтқару агенттігі паромды таяз суға сүйреп шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ал, Әскери-теңіз күштері кемені теңіз түбінде қалдыруды ұсынды. Әскерилердің айтуынша, егер паром тұрақты жағдайда жатса, оны орнынан қозғамаған жөн.

Құтқарушылар үшін қазір басты міндет – су бетінде болуы мүмкін адамдарды іздеу.

Еске салайық, бұған дейін Ява теңізінде бортында 240 жолаушысы бар паром жоғалып кеткен еді. Соңғы мәлімет бойынша, алты адам қаза тауып, 130 жолаушы хабар-ошарсыз кеткен.