Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Фото: Gemini ИИ

Тергеу барысында топ мүшелерінің бірі «спортты қолдау және дамыту» деген желеумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстарға тартқаны белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қазірге дейін 20 күдікті ұсталып, 47 санкцияланған тінту жүргізілді. Тінту нәтижесінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемдегі ақша қаражаты, шетел валютасы және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау баптарымен 6 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.