Талдықорғанда ер адам танысын пышақтап өлтірді

Фото: Gemini ИИ

Жетісу облыстық полициясының хабарлауынша, 30 наурыз күні кешкі уақытта екі ер адамның арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап. Соның салдарынан күдікті қарсыласына пышақ жарақатын салған.

Оқиғадан кейін ол қашып кеткенімен, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.